15
қыркүйек
2025
Мектебімізде 8-9 сынып оқушыларымен маңызды тақырыпқа арналған түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінде 8-9 сынып оқушыларымен маңызды тақырыпқа арналған түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Бұл кездесудің негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында ерте жүктіліктің алдын алу, олардың болашағына жауапкершілікпен қарауға үйрету және салауатты өмір салтын насихаттау болды. 

Оқушыларға ерте жүктіліктің денсаулыққа тигізер зардабы, әлеуметтік салдары жайында кең көлемде ақпарат беріліп, ойлануға түрткі болатын мәліметтер ұсынылды. Сонымен қатар, жауапты шешім қабылдаудың маңызы ерекше атап өтілді. 
Іс-шараға арнайы қонақтар қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті:
Мұндай кездесулер жас ұрпақтың саналы ойлауына, дұрыс бағытта қалыптасуына ықпал етеді. 