2025 жылғы 15 тамызда Астана қаласындағы Тәуелсіздік сарайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен дәстүрлі республикалық Тамыз конференциясы өтті. » «№41 А.Макаренко атындағы мектеп лицей» КММ
Шымкент қаласының білім басқармасының
«А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (7252) 95-49-71
Есепші бөлімі:
+7 (7252) 95-49-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2025 жылғы 15 тамызда Астана қаласындағы Тәуелсіздік сарайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен дәстүрлі республикалық Тамыз конференциясы өтті.
15
тамыз
2025

2025 жылғы 15 тамызда Астана қаласындағы Тәуелсіздік сарайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен дәстүрлі республикалық Тамыз конференциясы өтті.


2025 жылғы 15 тамызда Астана қаласындағы Тәуелсіздік сарайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен дәстүрлі республикалық Тамыз конференциясы өтті. Бұл жиынға еліміздің барлық өңірінен келген педагогтар, білім саласының ардагерлері, министрлік өкілдері мен халықаралық сарапшылар қатысты.
Президент конференцияның ашылуында мұғалімдердің қоғамдағы рөліне ерекше тоқталып, «Ұстаз – ұлттың шамшырағы, мұғалім – мемлекеттік маңызы бар жұмысты атқарып жүрген тұлға» деп атап өтті.Қазақстанда жыл сайын тамыз айында өткізілетін дәстүрлі педагогикалық кеңес. Бұл жиынға барлық деңгейдегі ұстаздар, білім саласының қызметкерлері, ғалымдар мен министрлік өкілдері қатысады.
•Жаңа оқу жылына дайындықты талқылау.Білім беру жүйесіндегі жаңалықтар мен реформаларды түсіндіру.
Мұғалімдердің кәсіби дамуына бағыт беру.
Жыл бойы қол жеткізген жетістіктер мен кездескен мәселелерді саралау.
2025 жылғы конференцияда Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі мынадай негізгі бағыттарды белгілеп берді:
Министрлік ұсынған бағыттар.Құндылыққа негізделген білім оқушыларды адалдыққа, жауапкершілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.Әр пән тек білім беріп қана қоймай, азаматтық қасиеттерді қалыптастыруға ықпал ету.Мұғалім мәртебесі Педагогтардың қоғамдағы беделі мен әлеуметтік жағдайын арттыруға бағытталған арнайы қарар қабылданатыны хабарланды.Мұғалімдердің жалақысы мен кәсіби қолдау жүйесі мемлекет назарында болатыны ерекше айтылды.
«Мұғалімнің құқығын қорғау мәселесі әрдайым басты назарда болуға тиіс. Мен сөз басында ұстаздардың өз міндетінен тыс жұмыстардан босатылғанын айттым. Бірақ, кейде жергілікті билік өкілдері заң талаптарын өрескел бұзып жатады. Прокуратура органдары мұндай заң бұзушылықтарға тосқауыл қоюы керек.Сондай-ақ балаларға қатысты кез келген жазатайым жағдай үшін де мұғалімді жазалау орынсыз деп санаймын. Мектептен тыс жерде, ата-аналардың жауапсыздығынан оқыс оқиға болса, оған ұстаз жауапты емес. Алматы облысында түлектер арасында болған қайғылы жағдай үшін директор мен мұғалімдер жауапқа тартылып, жұмыстан шығарылды.Түптеп келгенде, балалардың амандығы, олардың денсаулығы және сапалы білім алуы – еліміздің келешегіне тікелей қатысы бар мәселе»