15
октябрь
2026
«Қолөнер бұйымдары» тақырыбында шығармашылық байқау ұйымдастырылды.
А. МАКАРЕНКО АТЫНДАҒЫ №41 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНДЕ «ҚОЛӨНЕР БҰЙЫМДАРЫ» АТТЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУ ӨТКІЗІЛДІ
А. Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінде 1–4 сынып оқушылары арасында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, қолөнерге деген қызығушылығын арттыру және олардың бойындағы өнерге құштарлықты қолдау мақсатында «Қолөнер бұйымдары» тақырыбында шығармашылық байқау ұйымдастырылды.
Байқау барысында бастауыш сынып оқушылары өз қолдарымен жасаған ерекше қолөнер бұйымдарын ұсынып, өздерінің шеберліктері мен қиялға бай дүниелерін көрсетті. Оқушылар түрлі түсті қағаздардан, табиғи материалдардан және басқа да қолжетімді заттардан әсем әрі ерекше туындылар жасап, өздерінің шығармашылық ізденістерін танытты.
Әрбір ұсынылған бұйым оқушылардың еңбексүйгіштігін, ұқыптылығын, шыдамдылығын және жаңашыл ойлау қабілетін айқын көрсетті. Балалардың қолынан шыққан туындылар олардың өнерге деген қызығушылығы мен шығармашылық әлеуетінің жоғары екенін байқатты.
Осындай шығармашылық іс-шаралар оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, еңбекке баулуға, эстетикалық талғамын қалыптастыруға және өз қабілеттеріне деген сенімділігін арттыруға ықпал етеді.
Өнерлі ұрпақ – ел болашағы! Әрбір баланың бойындағы талантты шыңдап, шығармашылық қабілетін дамыту – білім мен тәрбиенің маңызды бағыттарының бірі.
