«Жол жүру ережесі – абайлаңыз, балалар!» » «№41 А.Макаренко атындағы мектеп лицей» КММ
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-лицей №41 имени А.Макаренко»
управления образования города Шымкент
Приемная
+7 (7252) 48-91-43
Бухгалтерия
+7 (7252) 95-49-71
Версия для
слабовидящих
» » «Жол жүру ережесі – абайлаңыз, балалар!»
30
сентябрь
2026

«Жол жүру ережесі – абайлаңыз, балалар!»

«Жол жүру ережесі – абайлаңыз, балалар!» 
А. Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінде білім алушылардың жол қауіпсіздігі ережелерін сақтауын қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және оқушылардың жолдағы қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында ҚҚБ ЮПТ УПИ, полиция капитаны А.Т. Раимбекова оқушылармен кездесіп, жол жүру ережелерін сақтау, жаяу жүргіншілер өткелінен дұрыс өту, жол белгілеріне назар аудару және жолда қауіпсіздік талаптарын сақтау жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында оқушыларға жолда жүру кезінде аса сақ болу, қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажеттігі ескертілді.
 Жол ережесін сақтау – әр баланың қауіпсіздігі!