📌 АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАДЫНАМА Балаларды терезеден құлаудан қалай қорғау керек » «№41 А.Макаренко атындағы мектеп лицей» КММ
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-лицей №41 имени А.Макаренко»
управления образования города Шымкент
Приемная
+7 (7252) 48-91-43
Бухгалтерия
+7 (7252) 95-49-71
Версия для
слабовидящих
» » 📌 АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАДЫНАМА Балаларды терезеден құлаудан қалай қорғау керек
03
март
2026

📌 АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАДЫНАМА Балаларды терезеден құлаудан қалай қорғау керек

📌 АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАДЫНАМА
Балаларды терезеден құлаудан қалай қорғау керек
🎈 Кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз. Тіпті шұғыл түрде сыртқа шығу қажет болса да, көршілеріңізден балаға қарауын сұраңыз. Балаларды ұзақ уақыт бойы үлкен балалардың қарауына қалдыруға болмайды. Баланың қауіпсіздігі – ата-ананың тікелей міндеті.
❗️ Бала терезе алдына шыға алмауы үшін жиһазды (диван, орындық, үстел және т.б.) терезеден алыстатыңыз.
❗️ Москит торларына сенбеңіз! Олар құлаудан қорғауға арналмаған.
❗️ Терезелерге арнайы бекіткіштер мен балаларға арналған құлыптар орнатыңыз. Олар терезені бірнеше сантиметрден артық ашуға мүмкіндік бермейді.
❗️ Ашық терезенің қауіптілігі туралы балалармен үнемі түсіндіру жұмыстарын жүргізіңіз.
❗️ Егер арнайы бекіткіш орнату мүмкін болмаса, терезені тек қажетті жағдайда ғана ашып, тұтқасын алып тастауды немесе қауіпсіз режимде пайдалануды қарастырыңыз.
‼️ Құрметті ата-аналар мен қамқоршылар!
Есіңізде болсын:
1️⃣ Заң бойынша ата-аналар балаларының өмірі мен денсаулығына, қауіпсіздігіне қамқорлық жасауға міндетті.
2️⃣ Балалардың терезеден құлау фактілері бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылған:
🔹 Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 119-бап – «Қауiптi жағдайда қалдыру».
Өмiрiне немесе денсаулығына қауiп төнген жағдайда адамды көрiнеу көмексiз қалдыру – айыппұл салуға, түзеу жұмыстарына, қоғамдық жұмыстарға тартуға немесе қамауға алуға әкеп соғады.
🔹 Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 141-бап – «Балалардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi тиісінше орындамау».
⚠️ Баланың қауіпсіздігі – әр ата-ананың басты жауапкершілігі.
Бір сәттік немқұрайлылық орны толмас өкінішке әкелуі мүмкін.