«Жарқын болашақ» республикалық байқауының аудандық кезеңінің жүлдегерлері » «№41 А.Макаренко атындағы мектеп лицей» КММ
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-лицей №41 имени А.Макаренко»
управления образования города Шымкент
Приемная
+7 (7252) 48-91-43
Бухгалтерия
+7 (7252) 95-49-71
Версия для
слабовидящих
» » «Жарқын болашақ» республикалық байқауының аудандық кезеңінің жүлдегерлері
02
март
2026

«Жарқын болашақ» республикалық байқауының аудандық кезеңінің жүлдегерлері

«Жарқын болашақ» республикалық байқауының аудандық кезеңінің жүлдегерлері
А. Макаренко атындағы №41 мектеп-лицей оқушылары білім мен өнерді ұштастыра отырып, республикалық деңгейдегі білім додасында жоғары нәтиже көрсетіп, мектеп абыройын асқақтатты.
7–11 сынып оқушыларына арналған қазақ тілі пәнінен өткен «Жарқын болашақ» республикалық байқауының аудандық кезеңінде дарынды шәкірттеріміз жүлделі орындарға ие болып, өздерінің терең білімін, зеректігін және шығармашылық қабілеттерін дәлелдеді.
🥇 І ДӘРЕЖЕЛІ ДИПЛОМ ИЕГЕРІ
Қазбек Ахмет – 7-сынып оқушысы
Бағыты: «Әнші бұлбұлдар»
Жетекшісі: Етекбаева Сайрамкүл
Қазбек Ахмет аудандық кезеңнің жеңімпазы атанып, жоғары дайындық деңгейін көрсетті. Бұл – шәкірттің табандылығы мен ұстаз еңбегінің жемісі.
Сонымен қатар:
🥈 ІІ орын – Ергешбаева Муслима
🥉 ІІІ орын – Абдуманатова Севгина
Жетекшісі: Калиева Н.
Оқушыларымыздың бұл жетістігі – мектеп ұжымының сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі жүйелі жұмысының айқын нәтижесі. Жас дарындарға алдағы уақытта да толағай табыс, биік белестер мен жаңа жеңістер тілейміз! ✨
Мектеп мерейі үстем болып, шәкірттеріміздің болашағы әрдайым жарқын болсын!