Мектеп мақтанышы – республикалық байқау жүлдегері » «№41 А.Макаренко атындағы мектеп лицей» КММ
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-лицей №41 имени А.Макаренко»
управления образования города Шымкент
Приемная
+7 (7252) 48-91-43
Бухгалтерия
+7 (7252) 95-49-71
Версия для
слабовидящих
» » Мектеп мақтанышы – республикалық байқау жүлдегері
23
февраль
2026

Мектеп мақтанышы – республикалық байқау жүлдегері

Мектеп мақтанышы – республикалық байқау жүлдегері
Дарын республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастыруымен дәстүрлі түрде Щучинск қаласында, Бурабай курорты аумағында орналасқан «Балдәурен»республикалық оқу-сауықтыру орталығы базасында 2–7 сынып оқушылары арасында ХХІ «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстар конкурсының қоғамдық-гуманитарлық бағыты бойынша республикалық кезеңі өтті.
Аталған конкурсқа республика көлемінен 324 оқушы 260 жобамен қатысып, бақ сынады. Осы оқушылардың арасында мектебіміздің, Шымкент қаласының намысын қорғау мәртебесі жас ғалым, 3-сынып оқушысы Асылбайқызы Айлинге де бұйырды.
2026 жылғы 23 февральдағы байқау қорытындысы бойынша Шымкент қаласының оқушылары жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындар мен грамоталарға ие болды. Біздің Айлин де орыс тілі мен әдебиеті секциясы бойынша өз жұмысын жоғары деңгейде қорғап, жүлделі ІІІ орын иегері атанды. Жетекшісі – бастауыш сынып мұғалімі Л.В. Зинченко.
Толағай табысымен Айлин мен жетекшісі Зинченко Лариса Валерьевнаны шын жүректен құттықтаймыз! Мектеп абыройын республика көлемінде асқақтатып, мерейімізді үстем еттіңіздер! Алар асуларыңыз биік, жетістіктеріңіз мол болсын!