Мектебімізде Микробқа қарсы препараттарға төзімділік жөніндегі апталық өтті. » «№41 А.Макаренко атындағы мектеп лицей» КММ
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-лицей №41 имени А.Макаренко»
управления образования города Шымкент
Приемная
+7 (7252) 95-49-71
Бухгалтерия
+7 (7252) 95-49-71
Версия для
слабовидящих
» » Мектебімізде Микробқа қарсы препараттарға төзімділік жөніндегі апталық өтті.
28
ноябрь
2025

Мектебімізде Микробқа қарсы препараттарға төзімділік жөніндегі апталық өтті.

📢 А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінде Микробқа қарсы препараттарға төзімділік жөніндегі апталық өтті.
Қазақстан Республикасында микробқа қарсы препараттарға төзімділікті тежеу жөніндегі 2023–2027 жылдарға арналған Жол картасының 3.3-тармағын іске асыру аясында Дүниежүзілік антибиотиктерді дұрыс қолдануды насихаттау апталығына орай А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінде бірқатар ақпараттық-түсіндіру іс-шаралары өткізілді.
📅 2025 жылғы 18–24 ноябрь аралығында мектепте микробқа қарсы препараттарға төзімділік (МҚТ) мәселесі туралы оқушылардың білімін арттыру мақсатында сынып сағаттары, әңгімелесу және таныстырылым жұмыстары ұйымдастырылды.
🔹 Сынып жетекшілері оқушыларға антибиотиктердің орынсыз қолданылуы қандай қауіп төндіретінін, МҚТ-ның алдын алу жолдарын түсіндірді;
🔹 МҚТ туралы бейнероликтер мен инфографикалар көрсетілді;
🔹 Оқушылармен сұрақ-жауап форматында пікірталас ұйымдастырылып, «Антибиотиктерді тек дәрігер кеңесімен қолдану» тақырыбы талқыланды.
Іс-шараның мақсаты – оқушылар арасында антибиотиктерді дұрыс қолдану мәдениетін қалыптастыру, жауапкершілік деңгейін арттыру және микробқа қарсы препараттарға төзімділікке жол бермеу.
💡 Осындай түсіндіру жұмыстары жас ұрпақтың денсаулығын сақтауға, жауапты көзқарас қалыптастыруға өз үлесін қосады.

Похожие публикации: