А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 12 шілдедегі №347 «Бастапқы әскери дайындық қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, 10-сынып оқушыларының ата-аналарымен жиналыс өткізілді. » «№41 А.Макаренко атындағы мектеп лицей» КММ
Шымкент қаласының білім басқармасының
«А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (7252) 48-91-43
Есепші бөлімі:
+7 (7252) 95-49-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 12 шілдедегі №347 «Бастапқы әскери дайындық қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, 10-сынып оқушыларының ата-аналарымен жиналыс өткізілді.
10
сәуір
2026

А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 12 шілдедегі №347 «Бастапқы әскери дайындық қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, 10-сынып оқушыларының ата-аналарымен жиналыс өткізілді.

📌 Оқу-дала жиынына дайындық бойынша ата-аналармен түсіндіру жұмыстары өткізілді
А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 12 шілдедегі №347 «Бастапқы әскери дайындық қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, 10-сынып оқушыларының ата-аналарымен жиналыс өткізілді.
Аталған бұйрыққа сәйкес, оқу-дала жиыны 20–24 сәуір аралығында 5 күн бойы сағат 08:00-ден 19:30-ға дейін Ақтас оқу орталығында және білім беру мекемелері базасында (кестеге сәйкес) ұйымдастырылады.
Жиналыстың мақсаты — ата-аналарды оқу-дала жиынының өту тәртібімен таныстыру, оқушылардың өмір қауіпсіздігі мен денсаулығын бақылау, санитарлық талаптарды сақтау және дайындық жұмыстарын түсіндіру болды.
Жиналысты мектеп директоры А.А. Сарымсакова, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Улимбаева А., сондай-ақ алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Жұрман А. жүргізді.
Кездесу барысында ата-аналарға оқушылардың әскери (камуфляж) киім үлгісі, күн тәртібі, қауіпсіздік шаралары және оқу-дала жиынына дайындық барысы туралы толық ақпарат берілді.