16
ақпан
2026
«А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейі» ұжымы Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясына енгізілген өзгерістерді толық қолдайтынын білдіреді.
Құрметті әріптестер, оқушылар және қоғам өкілдері!
«А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейі» ұжымы Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясына енгізілген өзгерістерді толық қолдайтынын білдіреді. Бұл маңызды бастамалар елдің құқықтық, демократиялық және әлеуметтік дамуына серпін береді.
Бүгінгі шараға ҚР Оқу-ағарту министрлігі Қоғамдық кеңесінің мүшесі, п.ғ.д., полковник, Ө.Жәнібеков атындағы университеттің профессоры Бекайдар Адамбекұлы Тойлыбаев және ҚР Оқу-ағарту министрлігі Қоғамдық кеңесінің төралқа мүшесі Өмір Шыныбекұлы қатысты. Олардың қатысуы жаңа Конституцияның мәні мен маңызын түсіндіріп, оны мектеп ұжымында насихаттауға үлкен үлес қосты.
Жаңартылған Конституция азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын кеңейтеді, әділеттілікті нығайтады және құқық үстемдігін қамтамасыз етеді. Мектебіміздің басты мақсаты – оқушыларды құқықтық сауатты, жауапты және патриоттық көзқарасы бар азамат етіп тәрбиелеу.
Біз, «А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейі» ұжымы, жаңа Конституцияны қолдап, еліміздің тұрақты дамуы мен әділетті қоғам құру жолындағы бастамаларды толық қолдаймыз.
Құрметпен,
Мектеп ұжымы