№41 мектеп-лицейінде оқушылардың күзгі демалыс кезеңін мазмұнды ұйымдастыру бағытында психологиялық іс-шара өткізілді. » «№41 А.Макаренко атындағы мектеп лицей» КММ
Шымкент қаласының білім басқармасының
«А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (7252) 95-49-71
Есепші бөлімі:
+7 (7252) 95-49-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №41 мектеп-лицейінде оқушылардың күзгі демалыс кезеңін мазмұнды ұйымдастыру бағытында психологиялық іс-шара өткізілді.
04
қараша
2025

№41 мектеп-лицейінде оқушылардың күзгі демалыс кезеңін мазмұнды ұйымдастыру бағытында психологиялық іс-шара өткізілді.

А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінде оқушылардың күзгі демалыс кезеңін мазмұнды ұйымдастыру бағытында психологиялық іс-шара өткізілді.
Мектептің педагог-психологтары оқушылардың бос уақытын тиімді өткізу және тұлғалық дамуын қолдау мақсатында «Өмір – бақыт: бәрі өз қолыңда» тақырыбында дамытушы тренинг ұйымдастырды.
Мақсаты:
Оқушылардың өмірлік құндылықтарын қалыптастыру, өзіндік жауапкершілігін арттыру, эмоционалдық тұрақтылығын дамыту және позитивті ойлау дағдыларын нығайту арқылы жеке тұлға ретінде қалыптасуына қолдау көрсету.
Тренинг барысында қатысушылар өзін-өзі тануға бағытталған психологиялық тапсырмалар орындап, өзіндік рефлексия жүргізді. Шара оқушылардың сенімділігін арттырып, өмірге оң көзқарас қалыптастыруға ықпал етті.
Нәтижесінде:
Балалардың коммуникативтік дағдылары, жауапкершілік сезімі және өз-мысалы мен болашаққа деген сенімі күшейді.