Мектебіміздің ұстаздары мен оқушылары 18 қыркүйек күні ұйымдастырылған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясына белсене қатысты. » «№41 А.Макаренко атындағы мектеп лицей» КММ
Шымкент қаласының білім басқармасының
«А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (7252) 95-49-71
Есепші бөлімі:
+7 (7252) 95-49-71
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектебіміздің ұстаздары мен оқушылары 18 қыркүйек күні ұйымдастырылған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясына белсене қатысты.
18
қыркүйек
2025

Мектебіміздің ұстаздары мен оқушылары 18 қыркүйек күні ұйымдастырылған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясына белсене қатысты.

🌍✨ Таза қала – таза ұрпақтың болашағы! ✨🌍
А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейі ұстаздары мен оқушылары 18 қыркүйек күні ұйымдастырылған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясына белсене қатысты. Бұл бастама – мемлекетіміздің Президенті жариялаған экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, әрбір азаматты қоршаған ортаны аялауға шақыратын маңызды шара.
Акция аясында мектепте бірқатар жұмыстар атқарылды:
✅Оқушыларға экологиялық тәрбие беру мақсатында сынып сағаттары өткізілді. Сабақ барысында табиғатты қорғау, жасыл аймақтарды сақтау, тазалық мәдениетін қалыптастыру жөнінде маңызды ойлар айтылды.
✅ Мектеп оқушылары арасында табиғатты қорғау мен тазалықты насихаттайтын сурет байқаулары ұйымдастырылып, жас таланттардың шығармашылық қабілеті шыңдалды. 🖼️
✅ Сонымен қатар, тазалықты дәріптейтін, табиғатты аялауға үндейтін бейнероликтер дайындалып, әлеуметтік желілерде кеңінен таралды. 🎥🌿
Бұл іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпаққа туған жерді сүюді, табиғатты қорғауды үйрету және елді мекендерді таза ұстауға үлес қосуға баулу. 🌱