«№41 А.Макаренко атындағы мектеп лицей» КММ https://41.shymkent-mektebi.kz/ ru «№41 А.Макаренко атындағы мектеп лицей» КММ DataLife Engine 5 маусым – Қоршаған ортаны қорғаудың халықаралық күні және Эколог күні . https://41.shymkent-mektebi.kz/main/1780-5-mausym-orshaan-ortany-oraudy-halyaraly-kn-zhne-jekolog-kn.html https://41.shymkent-mektebi.kz/main/1780-5-mausym-orshaan-ortany-oraudy-halyaraly-kn-zhne-jekolog-kn.html



]]>
5 маусым – Қоршаған ортаны қорғаудың халықаралық күні және Эколог күні
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №41 мектеп-лицейінде 5 маусым – Қоршаған ортаны қорғаудың халықаралық күні мен Эколог күніне орай экологиялық бағыттағы бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды.
Іс-шаралардың басты мақсаты – оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыру және табиғатты қорғау құндылықтарын насихаттау болды.
Мектепте «Эколог сағаты» өткізіліп, оқушыларға табиғатты аялаудың маңызы, қоршаған ортаны қорғау жолдары, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қалдықтарды сұрыптаудың қажеттілігі туралы кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, тақырыптық көрмелер ұйымдастырылып, экологиялық бағыттағы танымдық жұмыстар жүргізілді.
«Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында білім алушылар мен педагогтер табиғатты таза ұстауға, су мен энергияны үнемдеуге және экологиялық жауапкершілікті арттыруға бағытталған бастамаларды қолдады. «Өзіңнен баста» экологиялық челленджі арқылы оқушылар қоршаған ортаға ұқыпты қараудың үлгісін көрсетті.
Табиғатты қорғау – әр азаматтың парызы. Сондықтан өскелең ұрпақтың бойында экологиялық сана мен табиғатқа жанашырлық қасиеттерін қалыптастыру – баршамыздың ортақ міндетіміз.
🌱 Табиғатты аялау – болашақты ойлау!
🌎 Таза орта – жарқын келешектің кепілі!
]]>
admin Fri, 05 Jun 2026 13:06:19 +0600
🏆 Мектебіміздің мақтанышы – жоғары нәтиже көрсеткен түлектеріміз! https://41.shymkent-mektebi.kz/main/1779--mektebmzd-matanyshy-zhoary-ntizhe-krsetken-tlektermz.html https://41.shymkent-mektebi.kz/main/1779--mektebmzd-matanyshy-zhoary-ntizhe-krsetken-tlektermz.html






]]>
🏆 Мектебіміздің мақтанышы – жоғары нәтиже көрсеткен түлектеріміз!
Шымкент қаласы А. Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінің түлектері 2026 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеуде жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, білім ордасының абыройын асқақтатты.
📚 Жоғары балл жинаған түлектеріміз:
🔹 Мақұлбек Бағжан – 133 балл
🔹 Зайцева Ульяна – 122 балл
🔹 Ирисметова Камилла – 102 балл
🔹 Аникеев Тимур – 100 балл
🔹 Карпинский Илья – 118 балл
🔹 Бурихан Диана – 106 балл

Бұл жетістіктер – оқушыларымыздың қажырлы еңбегінің, ұстаздардың кәсіби шеберлігінің және ата-аналардың қолдауының нәтижесі.
Мектебіміздің дарынды түлектерін шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы өмір жолдарында толағай табыстарға жетіп, еліміздің дамуына үлес қосатын білікті маман, саналы азамат болып қалыптасуларына тілектеспіз.
Сіздермен мақтанамыз!
]]>
admin Thu, 04 Jun 2026 13:02:39 +0600
4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні https://41.shymkent-mektebi.kz/main/1778--4-mausym-azastan-respublikasyny-memlekettk-rmzder-kn.html https://41.shymkent-mektebi.kz/main/1778--4-mausym-azastan-respublikasyny-memlekettk-rmzder-kn.html
]]>
🇰🇿 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні
4 маусым – еліміздің тарихындағы ерекше маңызы бар мерекелердің бірі. Бұл күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы және Әнұраны ресми түрде бекітіліп, тәуелсіз еліміздің басты нышандарына айналды.
Мемлекеттік рәміздер – халқымыздың бірлігі мен тұтастығын, тәуелсіздігі мен егемендігін білдіретін қасиетті құндылықтар. Көк байрағымыз – бейбітшілік пен ашық аспанның белгісі болса, Елтаңбамыз – ортақ шаңырақ астындағы татулық пен берекенің көрінісі. Ал Әнұран – Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық рухты асқақтататын қастерлі туынды.
Әрбір азамат мемлекеттік рәміздерді құрметтеп, олардың мәні мен маңызын жас ұрпақтың бойына сіңіруге үлес қосуы қажет. Себебі рәміздерді құрметтеу – Отанды құрметтеудің айқын белгісі.
Осы мерекеге орай барша қазақстандықтарды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтаймыз! Еліміздің көк байрағы әрдайым биікте желбіреп, тәуелсіз Қазақстанымыздың мерейі үстем болсын! 🇰🇿 
]]>
admin Thu, 04 Jun 2026 12:56:13 +0600
Дарынды оқушымыз «Алтын сақа» математикалық олимпиадасының республикалық кезеңінде жоғары нәтиже көрсетіп, Колобаев Кирилл І дәрежелі дипломмен марапатталды. https://41.shymkent-mektebi.kz/main/1777-shymkent-alasy-blm-basarmasyna-arasty-amakarenko-atynday-41-mektep-licejn-6-synyp-oushysy-kolobaev-kirilld-zhetstgmen-matanamyz.html https://41.shymkent-mektebi.kz/main/1777-shymkent-alasy-blm-basarmasyna-arasty-amakarenko-atynday-41-mektep-licejn-6-synyp-oushysy-kolobaev-kirilld-zhetstgmen-matanamyz.html



]]>
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінің 6-сынып оқушысы Колобаев Кириллдің жетістігімен мақтанамыз!
Дарынды оқушымыз «Алтын сақа» математикалық олимпиадасының республикалық кезеңінде жоғары нәтиже көрсетіп, І дәрежелі дипломмен марапатталды. Бұл – оқушының білімге деген құштарлығы мен табандылығының, сондай-ақ ұстазының қажырлы еңбегінің жемісі.
Колобаев Кириллді осы айтулы жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Жас математикке алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, білім мен ғылым жолында жаңа жетістіктерге жете беруіне тілектеспіз. Әрдайым ізденістен танбай, ел мақтанышына айналар білімді де білікті азамат болып өсуіне сенім білдіреміз.
Оқушының жетістікке жетуіне бағыт-бағдар беріп, білім нәрімен сусындатып жүрген жетекшісі Пайдаева Эльмира Амановнаға алғысымызды білдіреміз. Еңбегіңіз жана берсін!
Жеңіс құтты болсын! Жаңа табыстар мен жарқын жетістіктер көп болсын! 🎉👏
]]>
admin Mon, 01 Jun 2026 12:42:55 +0600
2025–2026 оқу жылының аяқталуына орай «Білімім – Отаныма!» тақырыбында салтанатты мерекелік іс-шара өткізілді. https://41.shymkent-mektebi.kz/main/1776-amakarenko-atynday-41-mektep-licejnde-20252026-ou-zhylyny-ajataluyna-oraj-blmm-otanyma-tayrybynda-saltanatty-merekelk-s-shara-tkzld.html https://41.shymkent-mektebi.kz/main/1776-amakarenko-atynday-41-mektep-licejnde-20252026-ou-zhylyny-ajataluyna-oraj-blmm-otanyma-tayrybynda-saltanatty-merekelk-s-shara-tkzld.html 📚✨
Мерекелік жиын барысында мектеп бітіруші түлектерге ізгі тілектер айтылып, олардың алдағы өмір жолына сәттілік пен ақ жол тілінді. Сонымен қатар, оқушылардың бір оқу жылы бойындағы жетістіктері қорытындыланып, білім мен тәрбиені қатар алып жүрген шәкірттердің еңбектері ерекше атап өтілді. 🌟
Құрметті түлектер! 🎓
Бүгін сіздер үшін мектеп қабырғасындағы ең қымбат әрі ұмытылмас күндердің бірі. Алдарыңызда үлкен өмірдің жаңа белесі, жаңа мүмкіндіктер мен биік мақсаттарға бастар жарқын жол тұр. Мектептен алған білімдеріңіз бен тәрбиелеріңіз сіздерді әрқашан биік белестерге жетелесін.
Әрқайсыңыз өз таңдаған мамандықтарыңыздың иесі атанып, еліміздің дамуына үлес қосатын білімді де саналы азамат болуларыңызға тілектеспіз. Жолдарыңыз ашық, қадамдарыңыз нық, армандарыңыз асқақ болсын! ✨
Ұстаздарыңыздың сенімін ақтап, ата-аналарыңыздың мақтанышына айналыңыздар. Сіздерге мықты денсаулық, толағай табыс, баянды бақыт және жарқын болашақ тілейміз. 💐
Ақ жол, жас түлектер! 🚀🎉 
]]>














]]>
admin Mon, 25 May 2026 22:12:32 +0600
Құрметті ата-аналар, ұстаздар және бітіруші түлектер! https://41.shymkent-mektebi.kz/main/1773-rmett-ata-analar-stazdar-zhne-btrush-tlekter.html https://41.shymkent-mektebi.kz/main/1773-rmett-ata-analar-stazdar-zhne-btrush-tlekter.html Құрметті ата-аналар, ұстаздар және бітіруші түлектер!
Оқу жылының аяқталуына байланысты қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті сақтау – баршамызға ортақ міндет.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы №106-НҚ бұйрығына және Шымкент қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 13 мамырдағы №2064 қаулысына сәйкес, мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында:
— мейрамхана, кафе, банкет залдарында бітіру кештерін өткізуге;
— автокортеж ұйымдастыруға;
— таңды қарсы алу, табиғат аясында, алау жағу іс-шараларын өткізуге;
— ата-аналардан заңсыз ақша жинауға, сыйлықтар мен жарна талап етуге;
— аниматорларды, мерекелік агенттіктер мен жеке студияларды тартуға;
— мерекелік дастархан ұйымдастыруға;
— мектеп әкімшілігі мен педагогтерге сыйлық алу үшін қаражат жинауға ҚАТАҢ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.
Аттестат тапсыру рәсімдері тек білім беру ұйымдарының қабырғасында өткізіледі.
Барша ата-аналардан балалардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауды сұраймыз. Жол қозғалысы ережелерін сақтау, түнгі уақытта бақылаусыз жүрмеу, көлік кортеждеріне қатыспау – әр оқушының қауіпсіздігі үшін маңызды.
Заң мен тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілі!
]]>

]]>
admin Fri, 22 May 2026 21:57:49 +0600
25 мамыр күні оқу жылы аяқталып, еліміздің барлық мектептерінде «Білімім – Отаныма!» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өткізіледі. https://41.shymkent-mektebi.kz/main/1774-25-mamyr-kn-ou-zhyly-ajatalyp-elmzd-barly-mektepternde-blmm-otanyma-tayrybynda-bryaj-synyp-saattary-tkzled.html https://41.shymkent-mektebi.kz/main/1774-25-mamyr-kn-ou-zhyly-ajatalyp-elmzd-barly-mektepternde-blmm-otanyma-tayrybynda-bryaj-synyp-saattary-tkzled.html 📚🇰🇿 «Білімім – Отаныма!»
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің тұжырымдамасына сәйкес 25 мамыр күні оқу жылы аяқталып, еліміздің барлық мектептерінде «Білімім – Отаныма!» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өткізіледі.
Осыған орай, А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінде де оқушыларға білімнің маңызы, елге қызмет ету, адал азамат қағидаттары кеңінен насихатталып, тәрбиелік мәні жоғары іс-шаралар ұйымдастырылады.
Сонымен қатар, бітіру салтанаттарын өткізу барысында қауіпсіздік талаптары қатаң сақталады. Аттестат тапсыру рәсімдері тек білім беру ұйымдарының аумағында ұйымдастырылып, артық сән-салтанатқа жол берілмейді.
Қолданыстағы талаптарға сәйкес мектептерде аниматорлар мен мерекелік агенттіктерді тартуға, дастархан ұйымдастыруға, автокөлік шерулерін өткізуге және мұғалімдерге сыйлық алу үшін қаражат жинауға қатаң тыйым салынады.
Мектеп әкімшілігі оқушылар мен ата-аналарға қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауды ескертеді. Сондай-ақ, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ата-аналар жиналыстарын өткізу, мектепішілік кезекшілікті ұйымдастыру және түлектердің кештен кейін үйлеріне аман-есен жетуін бақылау жұмыстары күшейтіледі.
Негізгі мақсат — оқу жылын қауіпсіз әрі тәрбиелік мәні жоғары деңгейде қорытындылау, заңсыз қаражат жинау мен құқықбұзушылықтардың алдын алу.
]]>

]]>
admin Thu, 21 May 2026 21:58:54 +0600
А. Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінде 9–11 сынып оқушыларымен құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. https://41.shymkent-mektebi.kz/main/1775-a-makarenko-atynday-41-mektep-licejnde-911-synyp-oushylarymen-yty-tsndru-zhmystary-zhrgzld.html https://41.shymkent-mektebi.kz/main/1775-a-makarenko-atynday-41-mektep-licejnde-911-synyp-oushylarymen-yty-tsndru-zhmystary-zhrgzld.html 📌 Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты А. Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінде 9–11 сынып оқушыларымен құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесуге:
🔹 Шымкент қаласы Полиция департаменті Анықтау басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Мантеев Мадияр Абдуманатович;
🔹 Әл-Фараби аудандық полиция басқармасы Жергілікті криминалдық басқармасының аға инспекторы, полиция майоры Жүзеев Үмбет Азреталиевич;
🔹 Ювеналдық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Тұрғын Бауыржан Баймаханбетұлы қатысты.
Жиналыс барысында мектеп бітіруші түлектерге соңғы қоңырау және аттестат тапсыру рәсімдері кезінде қоғамдық тәртіпті сақтау, автокөлік кортеждерін ұйымдастыруға қатаң тыйым салынатыны, кешкі уақытта кафе мен ойын-сауық орындарында жиналуға болмайтыны түсіндірілді.
Сонымен қатар, оқушыларға қауіпсіздік шараларын сақтау, заң талаптарын бұзбау және жауапкершілікті сезіну жөнінде маңызды ақпараттар берілді.
Осындай тағылымды кездесулер жас түлектердің құқықтық сауаттылығын арттырып, олардың қауіпсіз әрі жауапты түрде мектеп бітіруіне ықпал етеді. 
]]>




]]>
admin Wed, 20 May 2026 22:00:57 +0600
“Заң және тәртіп” жобасы аясында А. Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінде оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында түсіндірме сабақтары өткізілді. https://41.shymkent-mektebi.kz/main/1768-za-zhne-trtp-zhobasy-ajasynda-a-makarenko-atynday-41-mektep-licejnde-oushylardy-yty-sauattylyyn-arttyru-masatynda-tsndrme-sabatary-tkzld.html https://41.shymkent-mektebi.kz/main/1768-za-zhne-trtp-zhobasy-ajasynda-a-makarenko-atynday-41-mektep-licejnde-oushylardy-yty-sauattylyyn-arttyru-masatynda-tsndrme-sabatary-tkzld.html


]]>
📚⚖️ Әл-Фараби ауданы бойынша жүзеге асырылып жатқан “Заң және тәртіп” жобасы аясында А. Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінде оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында түсіндірме сабақтары өткізілді.
📌 05.05.2026 жылы 7–8 сынып оқушыларына “Зорлық-зомбылықтың алдын алу” тақырыбында,
📌 06.05.2026 жылы 9–10 сынып оқушыларына “Буллинг және оның зияны” тақырыбында арнайы дәрістер ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында құқық қорғау саласының маманы Мухитдинов Азиз Ахмаджанович оқушыларға буллинг пен зорлық-зомбылықтың қоғамға және адам өміріне тигізетін кері әсері туралы жан-жақты түсіндіріп, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттері, заң алдындағы жауапкершілігі жөнінде маңызды мәліметтер берді.
Кездесу барысында оқушылар өз ойларын ортаға салып, көкейлеріндегі сұрақтарына жауап алды.
Осындай тағылымды кездесулер жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастырып, тәртіп пен жауапкершілікті нығайтуға ықпал етеді.
]]>
admin Fri, 08 May 2026 20:39:21 +0600
А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінің оқушысы Молдабаев Азамат U-Vision олимпиадасында жоғары нәтиже көрсетіп, жеңімпаз атанды. https://41.shymkent-mektebi.kz/main/1769-amakarenko-atynday-41-mektep-licejn-oushysy-moldabaev-azamat-u-vision-olimpiadasynda-zhoary-ntizhe-krsetp-zhempaz-atandy.html https://41.shymkent-mektebi.kz/main/1769-amakarenko-atynday-41-mektep-licejn-oushysy-moldabaev-azamat-u-vision-olimpiadasynda-zhoary-ntizhe-krsetp-zhempaz-atandy.html


]]>
Білім додасындағы жарқын жеңіс!
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінің оқушысы Молдабаев Азамат U-Vision олимпиадасында жоғары нәтиже көрсетіп, жеңімпаз атанды. 👏
U-Vision олимпиадасы Кенжеғали Сағадиев атындағы Халықаралық бизнес университеті жанынан ұйымдастырылып, 2025 жылғы 6 қарашадан 2026 жылғы 17 сәуір аралығында өтті. Олимпиада 4 кезеңнен тұрып, қатысушылардың теориялық білімін ғана емес, оны тәжірибеде қолдану қабілетін жан-жақты бағалауға бағытталды. 📚
Білім сайысына 1200 үміткер қатысып, іріктеу нәтижесінде финалдық кезеңге тек 40 қатысушы жолдама алды. Финалда оқу жеңілдіктері мен білім гранттары сарапқа салынды. 🎓
Нәтижесінде А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінің оқушысы Молдабаев Азамат терең білімі мен білімін тәжірибеде тиімді қолдана білуінің арқасында үздік нәтиже көрсетіп, білім грантын жеңіп алды. 🏅
Бұл — оқушымыздың табандылығы мен үздіксіз ізденісінің, сондай-ақ ұстаздар еңбегінің жарқын жемісі. 🌟
А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейі үшін бұл — үлкен мақтаныш!
Оқушымызды шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта да жаңа белестерді бағындырып, толағай табыстарға жете беруіне тілектеспіз!
]]>
admin Mon, 04 May 2026 20:41:54 +0600