Ақпарат - «№41 А.Макаренко атындағы мектеп лицей» КММ https://41.shymkent-mektebi.kz/ ru Ақпарат - «№41 А.Макаренко атындағы мектеп лицей» КММ DataLife Engine А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінде 2025–2026 оқу жылының аяқталуына орай «Білімім – Отаныма!» тақырыбында салтанатты мерекелік іс-шара өткізілд https://41.shymkent-mektebi.kz/main/1776-amakarenko-atynday-41-mektep-licejnde-20252026-ou-zhylyny-ajataluyna-oraj-blmm-otanyma-tayrybynda-saltanatty-merekelk-s-shara-tkzld.html https://41.shymkent-mektebi.kz/main/1776-amakarenko-atynday-41-mektep-licejnde-20252026-ou-zhylyny-ajataluyna-oraj-blmm-otanyma-tayrybynda-saltanatty-merekelk-s-shara-tkzld.html 📚✨
Мерекелік жиын барысында мектеп бітіруші түлектерге ізгі тілектер айтылып, олардың алдағы өмір жолына сәттілік пен ақ жол тілінді. Сонымен қатар, оқушылардың бір оқу жылы бойындағы жетістіктері қорытындыланып, білім мен тәрбиені қатар алып жүрген шәкірттердің еңбектері ерекше атап өтілді. 🌟
Құрметті түлектер! 🎓
Бүгін сіздер үшін мектеп қабырғасындағы ең қымбат әрі ұмытылмас күндердің бірі. Алдарыңызда үлкен өмірдің жаңа белесі, жаңа мүмкіндіктер мен биік мақсаттарға бастар жарқын жол тұр. Мектептен алған білімдеріңіз бен тәрбиелеріңіз сіздерді әрқашан биік белестерге жетелесін.
Әрқайсыңыз өз таңдаған мамандықтарыңыздың иесі атанып, еліміздің дамуына үлес қосатын білімді де саналы азамат болуларыңызға тілектеспіз. Жолдарыңыз ашық, қадамдарыңыз нық, армандарыңыз асқақ болсын! ✨
Ұстаздарыңыздың сенімін ақтап, ата-аналарыңыздың мақтанышына айналыңыздар. Сіздерге мықты денсаулық, толағай табыс, баянды бақыт және жарқын болашақ тілейміз. 💐
Ақ жол, жас түлектер! 🚀🎉 
]]>














]]>
admin Mon, 25 May 2026 22:12:32 +0600
Құрметті ата-аналар, ұстаздар және бітіруші түлектер! https://41.shymkent-mektebi.kz/main/1773-rmett-ata-analar-stazdar-zhne-btrush-tlekter.html https://41.shymkent-mektebi.kz/main/1773-rmett-ata-analar-stazdar-zhne-btrush-tlekter.html Құрметті ата-аналар, ұстаздар және бітіруші түлектер!
Оқу жылының аяқталуына байланысты қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті сақтау – баршамызға ортақ міндет.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы №106-НҚ бұйрығына және Шымкент қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 13 мамырдағы №2064 қаулысына сәйкес, мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында:
— мейрамхана, кафе, банкет залдарында бітіру кештерін өткізуге;
— автокортеж ұйымдастыруға;
— таңды қарсы алу, табиғат аясында, алау жағу іс-шараларын өткізуге;
— ата-аналардан заңсыз ақша жинауға, сыйлықтар мен жарна талап етуге;
— аниматорларды, мерекелік агенттіктер мен жеке студияларды тартуға;
— мерекелік дастархан ұйымдастыруға;
— мектеп әкімшілігі мен педагогтерге сыйлық алу үшін қаражат жинауға ҚАТАҢ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.
Аттестат тапсыру рәсімдері тек білім беру ұйымдарының қабырғасында өткізіледі.
Барша ата-аналардан балалардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауды сұраймыз. Жол қозғалысы ережелерін сақтау, түнгі уақытта бақылаусыз жүрмеу, көлік кортеждеріне қатыспау – әр оқушының қауіпсіздігі үшін маңызды.
Заң мен тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілі!
]]>

]]>
admin Fri, 22 May 2026 21:57:49 +0600
25 мамыр күні оқу жылы аяқталып, еліміздің барлық мектептерінде «Білімім – Отаныма!» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өткізіледі. https://41.shymkent-mektebi.kz/main/1774-25-mamyr-kn-ou-zhyly-ajatalyp-elmzd-barly-mektepternde-blmm-otanyma-tayrybynda-bryaj-synyp-saattary-tkzled.html https://41.shymkent-mektebi.kz/main/1774-25-mamyr-kn-ou-zhyly-ajatalyp-elmzd-barly-mektepternde-blmm-otanyma-tayrybynda-bryaj-synyp-saattary-tkzled.html 📚🇰🇿 «Білімім – Отаныма!»
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің тұжырымдамасына сәйкес 25 мамыр күні оқу жылы аяқталып, еліміздің барлық мектептерінде «Білімім – Отаныма!» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өткізіледі.
Осыған орай, А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінде де оқушыларға білімнің маңызы, елге қызмет ету, адал азамат қағидаттары кеңінен насихатталып, тәрбиелік мәні жоғары іс-шаралар ұйымдастырылады.
Сонымен қатар, бітіру салтанаттарын өткізу барысында қауіпсіздік талаптары қатаң сақталады. Аттестат тапсыру рәсімдері тек білім беру ұйымдарының аумағында ұйымдастырылып, артық сән-салтанатқа жол берілмейді.
Қолданыстағы талаптарға сәйкес мектептерде аниматорлар мен мерекелік агенттіктерді тартуға, дастархан ұйымдастыруға, автокөлік шерулерін өткізуге және мұғалімдерге сыйлық алу үшін қаражат жинауға қатаң тыйым салынады.
Мектеп әкімшілігі оқушылар мен ата-аналарға қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауды ескертеді. Сондай-ақ, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ата-аналар жиналыстарын өткізу, мектепішілік кезекшілікті ұйымдастыру және түлектердің кештен кейін үйлеріне аман-есен жетуін бақылау жұмыстары күшейтіледі.
Негізгі мақсат — оқу жылын қауіпсіз әрі тәрбиелік мәні жоғары деңгейде қорытындылау, заңсыз қаражат жинау мен құқықбұзушылықтардың алдын алу.
]]>

]]>
admin Thu, 21 May 2026 21:58:54 +0600
А. Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінде 9–11 сынып оқушыларымен құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. https://41.shymkent-mektebi.kz/main/1775-a-makarenko-atynday-41-mektep-licejnde-911-synyp-oushylarymen-yty-tsndru-zhmystary-zhrgzld.html https://41.shymkent-mektebi.kz/main/1775-a-makarenko-atynday-41-mektep-licejnde-911-synyp-oushylarymen-yty-tsndru-zhmystary-zhrgzld.html 📌 Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты А. Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінде 9–11 сынып оқушыларымен құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесуге:
🔹 Шымкент қаласы Полиция департаменті Анықтау басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Мантеев Мадияр Абдуманатович;
🔹 Әл-Фараби аудандық полиция басқармасы Жергілікті криминалдық басқармасының аға инспекторы, полиция майоры Жүзеев Үмбет Азреталиевич;
🔹 Ювеналдық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Тұрғын Бауыржан Баймаханбетұлы қатысты.
Жиналыс барысында мектеп бітіруші түлектерге соңғы қоңырау және аттестат тапсыру рәсімдері кезінде қоғамдық тәртіпті сақтау, автокөлік кортеждерін ұйымдастыруға қатаң тыйым салынатыны, кешкі уақытта кафе мен ойын-сауық орындарында жиналуға болмайтыны түсіндірілді.
Сонымен қатар, оқушыларға қауіпсіздік шараларын сақтау, заң талаптарын бұзбау және жауапкершілікті сезіну жөнінде маңызды ақпараттар берілді.
Осындай тағылымды кездесулер жас түлектердің құқықтық сауаттылығын арттырып, олардың қауіпсіз әрі жауапты түрде мектеп бітіруіне ықпал етеді. 
]]>




]]>
admin Wed, 20 May 2026 22:00:57 +0600
“Заң және тәртіп” жобасы аясында А. Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінде оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында түсіндірме сабақтары өткізілді. https://41.shymkent-mektebi.kz/main/1768-za-zhne-trtp-zhobasy-ajasynda-a-makarenko-atynday-41-mektep-licejnde-oushylardy-yty-sauattylyyn-arttyru-masatynda-tsndrme-sabatary-tkzld.html https://41.shymkent-mektebi.kz/main/1768-za-zhne-trtp-zhobasy-ajasynda-a-makarenko-atynday-41-mektep-licejnde-oushylardy-yty-sauattylyyn-arttyru-masatynda-tsndrme-sabatary-tkzld.html


]]>
📚⚖️ Әл-Фараби ауданы бойынша жүзеге асырылып жатқан “Заң және тәртіп” жобасы аясында А. Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінде оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында түсіндірме сабақтары өткізілді.
📌 05.05.2026 жылы 7–8 сынып оқушыларына “Зорлық-зомбылықтың алдын алу” тақырыбында,
📌 06.05.2026 жылы 9–10 сынып оқушыларына “Буллинг және оның зияны” тақырыбында арнайы дәрістер ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында құқық қорғау саласының маманы Мухитдинов Азиз Ахмаджанович оқушыларға буллинг пен зорлық-зомбылықтың қоғамға және адам өміріне тигізетін кері әсері туралы жан-жақты түсіндіріп, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттері, заң алдындағы жауапкершілігі жөнінде маңызды мәліметтер берді.
Кездесу барысында оқушылар өз ойларын ортаға салып, көкейлеріндегі сұрақтарына жауап алды.
Осындай тағылымды кездесулер жас ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастырып, тәртіп пен жауапкершілікті нығайтуға ықпал етеді.
]]>
admin Fri, 08 May 2026 20:39:21 +0600
А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінің оқушысы Молдабаев Азамат U-Vision олимпиадасында жоғары нәтиже көрсетіп, жеңімпаз атанды. https://41.shymkent-mektebi.kz/main/1769-amakarenko-atynday-41-mektep-licejn-oushysy-moldabaev-azamat-u-vision-olimpiadasynda-zhoary-ntizhe-krsetp-zhempaz-atandy.html https://41.shymkent-mektebi.kz/main/1769-amakarenko-atynday-41-mektep-licejn-oushysy-moldabaev-azamat-u-vision-olimpiadasynda-zhoary-ntizhe-krsetp-zhempaz-atandy.html


]]>
Білім додасындағы жарқын жеңіс!
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінің оқушысы Молдабаев Азамат U-Vision олимпиадасында жоғары нәтиже көрсетіп, жеңімпаз атанды. 👏
U-Vision олимпиадасы Кенжеғали Сағадиев атындағы Халықаралық бизнес университеті жанынан ұйымдастырылып, 2025 жылғы 6 қарашадан 2026 жылғы 17 сәуір аралығында өтті. Олимпиада 4 кезеңнен тұрып, қатысушылардың теориялық білімін ғана емес, оны тәжірибеде қолдану қабілетін жан-жақты бағалауға бағытталды. 📚
Білім сайысына 1200 үміткер қатысып, іріктеу нәтижесінде финалдық кезеңге тек 40 қатысушы жолдама алды. Финалда оқу жеңілдіктері мен білім гранттары сарапқа салынды. 🎓
Нәтижесінде А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінің оқушысы Молдабаев Азамат терең білімі мен білімін тәжірибеде тиімді қолдана білуінің арқасында үздік нәтиже көрсетіп, білім грантын жеңіп алды. 🏅
Бұл — оқушымыздың табандылығы мен үздіксіз ізденісінің, сондай-ақ ұстаздар еңбегінің жарқын жемісі. 🌟
А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейі үшін бұл — үлкен мақтаныш!
Оқушымызды шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта да жаңа белестерді бағындырып, толағай табыстарға жете беруіне тілектеспіз!
]]>
admin Mon, 04 May 2026 20:41:54 +0600
Халықаралық білім додасындағы зор жетістік! Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінің 10 «В» сынып оқушысы Ермағамбетов Бексұлтан халықаралық деңгейде үлкен жетістікке қол жеткізді. https://41.shymkent-mektebi.kz/main/1770-halyaraly-blm-dodasynday-zor-zhetstk-shymkent-alasy-blm-basarmasyna-arasty-amakarenko-atynday-41-mektep-licejn-10-v-synyp-oushysy-ermaambetov-beksltan-halyaraly-degejde-lken-zhetstkke-ol-zhe.html https://41.shymkent-mektebi.kz/main/1770-halyaraly-blm-dodasynday-zor-zhetstk-shymkent-alasy-blm-basarmasyna-arasty-amakarenko-atynday-41-mektep-licejn-10-v-synyp-oushysy-ermaambetov-beksltan-halyaraly-degejde-lken-zhetstkke-ol-zhe.html


]]>
Халықаралық білім додасындағы зор жетістік!
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінің 10 «В» сынып оқушысы Ермағамбетов Бексұлтан халықаралық деңгейде үлкен жетістікке қол жеткізді.
Біздің мектебіміздің дарынды оқушысы Ермағамбетов Бексұлтан ағылшын тілінде өтетін беделді халықаралық білім сайысы — World Scholar’s Cup (WSC) олимпиадасына қатысып, бірнеше бағыт бойынша жүлделі орындарға ие болып, жаһандық кезеңге жолдама алды.
World Scholar’s Cup — әлемнің 50-ден астам елінде өтетін, оқушылардың білімін, сыни ойлауын, шешендік қабілетін және жан-жақты дайындығын бағалайтын халықаралық олимпиада. Олимпиада бағдарламасы 4 негізгі кезеңнен тұрады: Team Debate, Collaborative Writing, Scholar’s Challenge және Scholar’s Bowl.
Сайыс барысында қатысушылар Science & Technology (Ғылым және технология), Social Studies (Қоғамтану), History (Тарих), Art & Music (Өнер және музыка), Literature & Media (Әдебиет және медиа) бағыттары бойынша білімдерін сынға салды.
Shymkent Round кезеңінде А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінің оқушысы Ермағамбетов Бексұлтан жоғары нәтиже көрсетіп, келесі жетістіктерге қол жеткізді:
🥇 Debate бағыты бойынша — Gold Medal
🥇 Collaborative Writing бағыты бойынша — Gold Medal
🥈 Team Writing бағыты бойынша — Silver Medal
🏆 Senior Team құрамында — 3 орын
🏆 Scholars Bowl Team құрамында — 3 орын
🥇 Debate Team құрамында — 4 орын көрсеткіші үшін Gold Medal
Осындай жоғары нәтиженің арқасында Ермағамбетов Бексұлтан World Scholar’s Cup халықаралық олимпиадасының жаһандық кезеңіне жолдама алды.
А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейі үшін бұл — үлкен мақтаныш!
Бексұлтанның жетістігі — білімге деген ұмтылыстың, табандылық пен тынымсыз еңбектің жарқын көрінісі.
Дарынды шәкіртімізді шын жүректен құттықтаймыз!
Алдағы жаһандық кезеңде сәттілік пен толағай табыс тілейміз
]]>
admin Sat, 02 May 2026 20:43:46 +0600
Білім басқармасының Әдістемелік орталығы мен Шымкент қаласы прокуратурасының 2026 жылғы 29 сәуірдегі №2-40-26-05391 хатына сәйкес, 9 мамыр – Жеңіс күні мерекесіне орай 6–11 сынып оқушылары арасында «Батырлар ерлігі – ұрпаққа өнеге» тақырыбында жалпық https://41.shymkent-mektebi.kz/main/1771-blm-basarmasyny-dstemelk-ortalyy-men-shymkent-alasy-prokuraturasyny-2026-zhyly-29-surdeg-2-40-26-05391-hatyna-sjkes-9-mamyr-zhes-kn-merekesne-oraj-611-synyp-oushylary-arasynda-batyrlar-erlg-.html https://41.shymkent-mektebi.kz/main/1771-blm-basarmasyny-dstemelk-ortalyy-men-shymkent-alasy-prokuraturasyny-2026-zhyly-29-surdeg-2-40-26-05391-hatyna-sjkes-9-mamyr-zhes-kn-merekesne-oraj-611-synyp-oushylary-arasynda-batyrlar-erlg-.html



]]>
«Батырлар ерлігі – ұрпаққа өнеге»
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінде Білім басқармасының Әдістемелік орталығы мен Шымкент қаласы прокуратурасының 2026 жылғы 29 сәуірдегі №2-40-26-05391 хатына сәйкес, 9 мамыр – Жеңіс күні мерекесіне орай 6–11 сынып оқушылары арасында «Батырлар ерлігі – ұрпаққа өнеге» тақырыбында жалпықалалық диктант жазу жұмысы ұйымдастырылып, өткізілді.
Аталған тағылымды іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік қасиетті сіңіру, тарихи сананы қалыптастыру, Ұлы Жеңістің маңызын ұғындыру және батыр бабаларымыздың ерлігін үлгі ету.
Диктант жазу барысында оқушылар Жеңіс жолында жанын қиған қаһарман батырлардың ерлігі туралы тағылымды мәтінмен танысып, өз ойларын сауатты жеткізуге, тарихи танымын кеңейтуге мүмкіндік алды. Бұл жұмыс оқушылардың сауаттылығын арттырып қана қоймай, ел тарихына деген құрметін де нығайтты.
А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінің 6–11 сынып оқушылары аталған диктантқа белсенді қатысып, жоғары жауапкершілік танытты. Іс-шара өз деңгейінде ұйымдастырылып, тәрбиелік маңызы жоғары мазмұнды жұмыс ретінде өткізілді. 
]]>
admin Thu, 30 Apr 2026 20:47:34 +0600
А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Зайцева Ульяна жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңінде «Орыс тілі мен әдебиеті» пәні бойынша жүлделі ІІ орынды иеленіп, ІІ дәрежелі дипломмен марапат https://41.shymkent-mektebi.kz/main/1772-amakarenko-atynday-41-mektep-licejn-11-synyp-oushysy-zajceva-uljana-zhalpy-blm-beretn-pnder-bojynsha-respublikaly-olimpiadany-orytyndy-kezende-orys-tl-men-debiet-pn-bojynsha-zhldel-oryndy-ie.html https://41.shymkent-mektebi.kz/main/1772-amakarenko-atynday-41-mektep-licejn-11-synyp-oushysy-zajceva-uljana-zhalpy-blm-beretn-pnder-bojynsha-respublikaly-olimpiadany-orytyndy-kezende-orys-tl-men-debiet-pn-bojynsha-zhldel-oryndy-ie.html


]]>
🏆 Республикалық олимпиададағы кезекті жеңіс!
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Зайцева Ульяна жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңінде «Орыс тілі мен әдебиеті» пәні бойынша жүлделі ІІ орынды иеленіп, ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Бұл – білім мен еңбектің, табандылық пен ізденістің жарқын жемісі. Оқушымыздың республикалық деңгейде жоғары нәтиже көрсетуі – мектеп ұжымының жүйелі жұмысы мен сапалы білім беруінің айқын дәлелі.
Жүлдегер шәкіртіміздің жетекшісі – тәжірибелі ұстаз Мирзасалиева Людмила Ивановна. Ұстаз бен шәкірттің бірлескен еңбегі осындай биік белестерге жетелеп отыр.
А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейінің ұжымы Зайцева Ульянаны және жетекшісі Мирзасалиева Людмила Ивановнаны жоғары жетістіктерімен шын жүректен құттықтайды!
Жеңістеріңіз көп болсын, алар асуларыңыз биік болсын! 👏📚 
]]>
admin Mon, 27 Apr 2026 20:51:00 +0600
А. Макаренко атындағы №41 мектеп-лицей ұжымы сенбілікке белсенді қатысып, өздеріне бекітілген аумақта тазалық жұмыстарын жүргізді. https://41.shymkent-mektebi.kz/main/1751-a-makarenko-atynday-41-mektep-licej-zhymy-senblkke-belsend-atysyp-zderne-bektlgen-aumata-tazaly-zhmystaryn-zhrgzd.html https://41.shymkent-mektebi.kz/main/1751-a-makarenko-atynday-41-mektep-licej-zhymy-senblkke-belsend-atysyp-zderne-bektlgen-aumata-tazaly-zhmystaryn-zhrgzd.html




]]>
🌿 «Бүкілқалалық тазалық» акциясы аясында сенбілік өткізілді 🌿
Шымкент қаласы аумағында Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің бастамасымен 2026 жылғы 4 сәуір күні «Бүкілқалалық тазалық» акциясы аясында сенбілік өткізілді.
Аталған игі шараның мақсаты – қала аумағын қоқыстан тазарту, қоршаған ортаның тазалығын сақтау және тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру болды.
Осыған орай, А. Макаренко атындағы №41 мектеп-лицей ұжымы сенбілікке белсенді қатысып, өздеріне бекітілген аумақта тазалық жұмыстарын жүргізді. Атап айтқанда:
– аумақты қоқыстан тазарту
– тұрмыстық қалдықтарды шығару
– ирригациялық жүйелерді тазалау жұмыстары атқарылды
Іс-шараға мектеп мұғалімдері, оқушылар және белсенді жастар қатысып, ортақ іске өз үлестерін қосты.
Тазалық – әрбірімізден басталады! 🌱
Бірлесе атқарған жұмыс нәтижесінде Шымкент қаласы одан әрі көркейе түсті.
Барша қатысушыларға алғыс білдіреміз! 💚
]]>
admin Sat, 11 Apr 2026 10:28:07 +0600